«GULDER» ансамблі
Күні: 06.05.2026 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы аңызға айналған «GULDER» ансамблінің концертіне шақырады.
Концерттік бағдарламада әлемдік классика туындыларының көркем интерпретациялары, заманауи хореографиялық қойылымдар, вокалдық-аспаптық нөмірлер және ұжымның жоғары кәсіби әртістік шеберлігі өзара үйлесім тауып, мазмұнды әрі ауқымды жоба ретінде ұсынылады.
Сахнаға халықаралық байқаулардың лауреаттары және «GULDER» ансамблінің дарынды әртістері шығады:
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлсім Мырзабекова
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Алибек Алмадиев
«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Анна Уварова
Танымал қобызшы Олжас Құрманбек
Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Сұлтан Ахмет, Дидар Абдухалық, Ербол Тәжібаев, Нұрай Шеру және Нұрмұхамед Сәтен.
Ансамбльдің бас балетмейстері – Анвара Садықова, көркемдік жетекшісі – Абзал Өсімбаев.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз