X

«ҒАСЫРЛАР САЗЫ»: Батыс өңірінің ән-күй мұрасы

Күні: 28.11.2026 Уақыты: 18:00 Зал: Камералық зал

Батыс Қазақстанның бай музыкалық мұрасын паш ететін концертке шақырамыз!

«Батыс өңірінің ән-күй мұрасы» концерті – халқымыздың рухани қазынасын дәріптеп, батыс өңіріне тән әншілік және күйшілік дәстүрді жаңғыртатын ерекше музыкалық кеш. Бағдарламада әйгілі әнші-ақын Мұхит Мерәліұлы мен Ғарифолла Құрманғалиевтің шығармалары, халық әндері мен күйлері орындалады.

Батыс өңірінің тарихы мен мәдениетін, ұлттық өнердің қайталанбас бояуын танытатын бұл кеш көрерменге дәстүрлі музыканың құдіретін сезініп, асыл мұрамызбен қайта қауышуға мүмкіндік береді.

Концертте «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының әртістері – Ерлан Рысқали, Елмұра Жанаберген, Айгүл Елшібаева, Еділ Басығараев, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Ерболат Шалдыбеков, Нұрболат Арзамас, Асқар Мұқият, Венера Табыс, Әлихан Дүйсенбай, Жаслан Кәрім, Дария Бекпенбетова, Ардақ Елеусіз, Тоғжан Үмбет, Дарын Құдайберген, Біржан Айтахмет, Диана Алтайқызы өнер көрсетеді.

Поделиться в соц. сетях: