X

ҒАШЫҚТЫҚ

Күні: 10.05.2026 Уақыты: 17:00 Зал: Камералық зал

Қазақконцерт ұйымының талантты әртістері, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары, отбасылық дуэт Ардақ Елеусіз бен Тоғжан Үмбет «Ғашықтық» атты жеке концертіне шақырады.

Музыкалық кештің басты ерекшелігі - заманауи музыка мен домбыра өнерінің ерекше үйлесімі, махаббат символы мен таза нәзік сезімді қазақы дәстүр арқылы музыка тілімен жеткізу, классикалық күйлер мен лирикалық композициялар, сондай-ақ авторлық туындылар орындалады.

Концерттік бағдарламада «Кербез сұлу», «Аққу», «Жалғыз аққу», «Күй шашу», «Алаш аманаты», «Ғашықтық», «Көңіл толқыны», «Алтыныма», «Қосбасар», «Торы жорға», сондай-ақ бэндтің сүйемелдеуімен заманауи өңдеуден өткен кеңестік кинофильмдерден попурри және танымал қазақ әндері көрермен назарына ұсынылады.

Іс-шарада танымал композитор, мультиинструменталист Әділжан Толықпаев, Мәди Ахметқожа және «G-Band» тобы өнер көрсетеді.

Поделиться в соц. сетях: