ҒАШЫҚТАР ҮНІ
Күні: 13.04.2026 Уақыты: 19:30 Зал: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 83
Қазақконцерт жұлдыздары сіздерді көктемнің ең әсерлі кеші «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» ғашықтар күніне арналған «Ғашықтар үні» мерекелік концертіне шақырады.
Кеш бағдарламасында алтын қордағы классикалық туындылардан бастап жүрекке жететін заманауи хиттерге дейінгі әсерлі дуэттер мен жеке орындаулар, сондай-ақ, махаббат, адалдық және шабыт жайлы лирикалық әндер мен әсем билер ұсынылады.
Live Band сүйемелдеуімен орындалатын жанды дауыстағы әуен кешке ерекше сән береді.
Іс-шараға Алтынбек Қоразбаев, Роза Рымбаева, Айжан Нұрмағамбетова, Жеңіс Ысқақова, Сүлеймен Ибрагимов, Жанна Орынбасарова, Еркен Ынтықбаев, Перизат Омарбекова, Марал Анарбек, Дильназ Ахмадиева, Бибігүл Қилымхан, Райым Уайс, Мади Рымбаев, Ербол Нариманұлы, Сая Махамбет, Гүлнар Көшенова, сондай-ақ «Азия» және «Меломен» топтары сынды қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздары мен талантты өнер иелері қатысады.
Жылулық пен шабытқа толы атмосферада ұмытылмас кеш өткізгіңіз келсе, осы музыкалық мерекеге сіз де қосылыңыз!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз