X

GALA: FOLK SHOW

Күні: 27.06.2026 Уақыты: 18:00 Зал: Үлкен зал

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы көрермендерді 65-концерттік маусымның салтанатты қорытынды Гала-концерті – «FOLK SHOW» бағдарламасына шақырады.

«FOLK SHOW» концертінде қазақ музыкасының алтын қорына енген таңдаулы туындылар, әлемдік хиттер мен әйгілі саундтректер орындалады.

Гала-концертке «Қазақконцерттің» жетекші әртістері мен шығармашылық ұжымдары қатысады. Сахна төрінде «ASTANA SAZY» мемлекеттік фольклорлық ансамблі, Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі, «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры, «GULDER» ансамблінің балеті, «BIRLIK» ансамблі, Saz&Soul және G-band топтары, сондай-ақ «Қазақконцерттің» танымал солистері өнер көрсетеді.

Бұл концертте үздік орындаушылар мен шығармашылық ұжымдар бір сахнада өнер көрсетіп, концерттік маусымның жарқын қорытындысы болмақ.

Концерттік маусымның ең әсерлі музыкалық кешін бірге қарсы алуға шақырамыз!

Поделиться в соц. сетях: