X

FOLK SHOW

Күні: 11.10.2026 Уақыты: 18:00 Зал: Үлкен зал

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы өнерсүйер қауымды «FOLK SHOW» атты ерекше музыкалық жобаны тамашалауға шақырады.

«FOLK SHOW» – ұлттық өнер мен заманауи музыканың үндестігінен туған бірегей сахналық жоба. Концерттік бағдарламада қазақтың дәстүрлі музыкасы жаңа форматта ұсынылып, әлемдік хиттермен, танымал кино саундтректері көрерменге тарту етілмек.

Кеш барысында көрермендер «Адай», «Махамбет», «Балалық шақ», «Махаббат бекеті», «Taxi», «Pirates of the Caribbean», «Троя», «Gladiator», «Tattoo», «Libertango» сынды туындыларды тыңдап, ерекше музыкалық атмосфераға бөленеді. Ұлттық нақыш пен заманауи аранжировканың үйлесімі тыңдарманға жаңа эмоция мен тың әсер сыйлайды.

Жобаның авторы әрі дирижері – республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, Мәдениет саласының үздігі, заманауи музыка өнерінің жарқын өкілі Әділет Азбаев.

Музыкалық кеште Қазақконцерттің талантты өнерпаздары –республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Ербол Тәжібаев, белгілі қобызшы Олжас Құрманбек, сондай-ақ «Astana sazy» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі және G band өнер көрсетеді.

«FOLK SHOW» – дәстүрлі аспаптардың үні мен қазіргі музыкалық ырғақтар үндескен ерекше мәдени жоба. Өнер кеші көрермендерді қазақ мәдениетінің тереңдігімен және әлемдік музыканың жаңа қырларымен таныстыратын ұмытылмас музыкалық саяхатқа айналмақ.

Поделиться в соц. сетях: