X

FOLK SHOW

Күні: 29.05.2026 Уақыты: 19:30 Зал: Үлкен зал

Қазақконцерт сүйікті көрермендерін «FOLK SHOW» атты ерекше музыкалық жобаны тамашалауға шақырады.

«FOLK SHOW» жобасы — дәстүр мен заманауи әуен тоғысатын әсерлі музыкалық шоу. Сахна төрінде елімізге танымал өнер жұлдыздары мен жетекші шығармашылық ұжымдары халық музыкасын жаңаша бағытта ұсынып, оны әлемдік хиттермен және кино саундтректерімен шебер ұштастырады. Заманауи музыкалық композциялар жаңа қуатқа ие болып, ұлттық нақышта қайта жаңғырады.

Бағдарламада «Адай», «Махамбет», «Балалық шақ», «Махаббат бекеті», «Taxi», «Pirates of the Caribbean», «Троя», «Gladiator», «Tattoo», «Libertango» және өзге де туындылар орындалады.

Жоба авторы әрі дирижері – республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, заманауи музыкалық өнердің жарқын өкілдерінің бірі, Мәдениет саласының үздігі Әділет Азбаев.

Іс-шарада Қазақконцерттің талантты өнерпаздары, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Ербол Тәжібаев, белгілі қобызшы Олжас Құрманбек, сондай-ақ, «Astana sazy» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі және G band өнер көрсетеді.

Бұл – дәстүрлі аспаптар мен заманауи ырғақ үйлесім тапқан ерекше музыкалық кеш. Өнер кеші қазақ мәдениетінің байлығы мен заманауи шығармаларды танытатын ұмытылмас музыкалық әсерге бөлейді. Қапы қалмаңыздар!

Поделиться в соц. сетях: