«БІЗДІҢ ЖӘРМЕҢКЕ»
Күні: 21.10.2026 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал
«Біздің жәрмеңке» - Республика күніне орай ұйымдастырылған ұлттық өнер мен дәстүрлі музыканың мерекелік кеші.
Концерт сахнасында Елмұра Жаңаберген, Айгүл Елшібаева, Клара Төленбаева, Ерлан Рысқали, Жаслан Кәрім, Толғанбай Сембаев, Перизат Омарбекова және басқа да танымал өнерпаздар бас қосады. Кешті Жасұлан Наурызбайұлы мен Ерлан Рысқали жүргізеді.
Бағдарламада халық әндері мен күйлері, жыр-термелер, желдірмелер және ұлттық би ұсынылады. Көрермендер «Қанекей, тілім, сөйлеші», «Інжу-маржан», «Құдайбергеннің желдірмесі», «Аққу», «Көкаршын», «Сегіз аяқ», «Сандуғаш», «Сарыжайлау» секілді ұлттық өнердің таңдаулы туындыларын тыңдай алады. Әндер мен билер Қазақ мемлекеттік «Астана сазы» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен орындалады.
Кештің ерекше бөліктерінің бірі - төрт өнерпаздың орындауындағы «Тенорлар шеруі». Мерекелік концерт барлық әртістің қатысуымен шырқалатын «Сәлем, Қазақстан» әнімен қорытындыланады.
«Біздің жәрмеңке» — қазақ халқының бай музыкалық мұрасы мен ұлттық рухын дәріптейтін, елдік пен бірлікті ұлықтайтын тағылымды кеш.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз