БІЗДІҢ ЖӘРМЕҢКЕ: «Жыр-дастан»
Күні: 24.04.2026 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал
Қазақконцерт белгілі жырау, фольклор зерттеушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматовтың 70 жас мерейтойына орай «БІЗДІҢ ЖӘРМЕҢКЕ» - жыр-дастан концертін ұсынады.
«Біздің жәрмеңке жыр-дастан» концерті ұлттық өнер мен жыр дәстүрін ұлықтайтын тағылымды рухани кеш. Концертте қазақтың бай мұрасы, терме-толғаулар мен дәстүрлі әндер орындалып, көрерменге терең мазмұнды, әсерлі өнер кеші ұсынылады. Бұл шара жыр өнерінің қадірін арттырып, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын ерекше мәдени кеш болады.
Алмас Алматовтың орындаушылық шеберлігі бүгінде тек елімізде ғана емес, шетелдерде де кеңінен мәлім. Ол қазақтың жыршылық дәстүрін Мәскеу, Самарқант, Париж қалаларында дәріптеді. Сондай-ақ 1980 жылы Франция, Италия, Швейцария елдерінде өткен «Фольклорлық музыкалық турне» және Моңғолияда «Азия халықтарының музыкалық симпозиумына» қатысып, өнерсүйер қауымға адамзат мәдениетінің баға жетпес мұрасы ретінде таныстыра алды. Сөйтіп Еуропа елі қазақ өнеріне тағы бір мәрте тәнті болды.
Одан бөлек оның жыраулық өнері туралы Пенсильвания (АҚШ) университетінің докторы, политолог Бавна Давен зерттеулер жазып, белгілі тюрколог, фольклорист Хироси Онава ол жайында деректі фильм түсірген. Алтын Орданың 570 жылдығына орай «Ер Едіге» жырын жобаның авторы және жетекшісі ретінде А. Алматов музыкалық-эпос күйінде онтологиялық жинақ етіп шығаруға атсалысты. 1990 жылы жыраулық өнерді насихаттау мақсатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің жанынан дәстүрлі муызкалық өнер кафедрасының негізін қалады.
Іс-шараға «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының әртістері және дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген еліміздің танымал өнерпаздары қатысады.
Ұлтымыздың ұлы мұрасы ұлықталатын бірегей шарадан қапы қалмаңыз!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз