«БІРЛІК ӘУЕНІ»
Күні: 30.10.2026 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал
30 қазан күні «Бірлік» би ансамблі көрермендерді әлем халықтарының мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін тоғыстыратын жарқын музыкалық-хореографиялық кешке шақырады.
Концерт бағдарламасында қазақ, орыс, өзбек, татар, үнді, грузин және басқа да халықтардың билері ұсынылады. Әр қойылым белгілі бір халықтың болмысын, тарихын және рухани мұрасын өзіндік бояуымен таныстырады.
Кештің ерекше тартуы — жаңа қойылымдар: жалынды грузин биі мен көркем өрнекке толы үнді биі. Бағдарлама «Астана Сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің жанды сүйемелдеуімен орындалады. Сонымен қатар концертке «Қазақконцерттің» солистері де қатысады.
Көрермендерді ұлттық әуендер, сан алуан дәстүрлі костюмдер мен әсерлі хореография әлеміне жетелейтін жарқын музыкалық саяхат күтуде. Бір сахнада түрлі мәдениеттер тоғысып, өнердің ортақ тілінде сыр шертеді.
Әр халықтың өз әуені, әр бидің өз тарихы бар. Ал оларды біріктіретіні — «Бірлік»!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз