BIRLIK-ЕДИНСТВО
Күні: 29.04.2026 Уақыты: 20:00 Зал: Үлкен зал
Қазақконцерт сіздерді қазақ халқының тұңғыш кәсіби бишісі, аңызға айналған Шара Жиенқұлованың шығармашылық мұрасына арналған «BIRLIK» би ансамблінің концертіне шақырады.
Бұл кеште сахна қимыл мен музыка арқылы ортақ мәдениетіміздің байлығын танытатын жанды әлем көрінісіне айналады.
Көрерменге әлемнің түрлі халықтарының дәстүрлерін бейнелейтін хореографиялық қойылымдар ұсынылады. Кеш бағдарламасында қазақ, орыс, тәжік, өзбек, түрікмен және басқа да билер қамтылған. Әрбір қойылым би қозғалыстары мен киім үлгілерінің этнографиялық дәлдігін сақтау мақсатында айрықша мән беріліп әзірленген.
«BIRLIK» ансамблі Қазақстандағы әртүрлі этностар мен мәдениет өкілдерінің ерекшеліктерін көрсететін алғашқы көпұлтты өнер ұжымы. Ансамбльдің басты мақсаты - түрлі ұлттардың өнері мен мәдениетімен таныстыру. Өнер ұжымы құрылғанға дейін репертуарды қалыптастыру, әртүрлі ұлт өкілдері арасынан ең үздік бишілерді іріктеу бағытында кең ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі - Әнел Марабаева.
Іс-шара «Астана сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен өтеді. Халық аспаптарының жанды үні кәсіби хореографиямен үйлесім тауып, әрбір қойылымның көркемдік тереңдігі мен ұлттық нақышын айрықша айқындайды.
Шығармашылық пен достық мерекесін бізбен бірге бөлісіңіз!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз