«Бірге шырқайық»
Күні: 30.09.2026 Уақыты: 19:30 Зал: Казахский Национальный оркестр народных инструментов им. Курмангазы
2026 жылғы 30 қыркүйекте Алматыда «Қазақконцерт» әртістері мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі бір сахнада бас қосатын «Бірге шырқайық» концерті өтеді.
Бұл кеште қазақ музыкасының алтын қорына енген шығармалар, көпшілік сүйіп тыңдайтын әндер мен ұлттық классика оркестрдің қуатты үнімен жаңаша өріледі. Бағдарламада Құрманғазының «Серпер», «Сары арқа» күйлері, Динаның «Науысқысы», сондай-ақ «Сағындым Алматымды», «Аяла сен мені», «Ақ ерке - Ақ Жайық», «Арыс жағасында», «Іңкәрім-ай» сынды танымал туындылар бар.
Сахна төрінде Мақпал Жүнісова, Алтынбек Қоразбаев, Жеңіс Ысқақова, Жанна Орынбасарова, Дильназ Ахмадиева, Бибігүл Қилымхан, Ербол Нариманұлы, «Азия» және «Меломен» топтары, Нұрғалым Аманбай сынды өнерпаздар көрерменді қуантпақ.
«Бірге шырқайық» — көрермен мен өнерпазды ән арқылы жақындастырып, дәстүрлі үн мен заманауи музыкалық тынысты тоғыстыратын ерекше кеш.
Бірге тыңдайық. Бірге сезінейік. Бірге шырқайық!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз111