X

«БЕЙБІТШІЛІКТІ ЖЫРЛАЙМЫЗ»

Күні: 06.05.2026 Уақыты: 19:00 Зал: Алматы қаласы, Абылайхан к-сі, 83

Қазақконцерт жұлдыздары Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне арналған «Бейбітшілікті жырлаймыз» атты мерекелік кешке шақырады.
Бұл кеш Отан қорғаушылардың ерлігіне құрмет білдірудің көрінісі әрі ұрпақтар сабақтастығын айқындайтын тағылымды шара. Бағдарламада өткенді ұлықтау мен қазіргі заманның жасампаз рухы үйлесім табады.
Концерттік бағдарламада көпшілік сүйіп тыңдайтын халық әндері, патриоттық және лирикалық шығармалар, хореографиялық қойылымдар, Қазақконцерт жұлдыздарының хит әндері, сондай-ақ әртістердің авторлық туындылары ұсынылады.
Іс-шарада Алтынбек Қоразбаев, Роза Рымбаева, Айжан Нұрмағамбетова, Жеңіс Ысқақова, Сүлеймен Ибрагимов, Жанна Орынбасарова, Перизат Омарбекова, Бибігүл Қылымхан, Райым Уайыс, Мәди Рымбаев, Ербол Нариманұлы, Сая Махамбет, сондай-ақ «Азия», «Меломен» топтары және т.б. әртістер өнер көрсетеді.
Кеш Live Band шығармашылық өнер ұжымының сүйемелдеуімен өтеді. Бұл іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына және жанды музыканың ерекше атмосферасының қалыптасуына ықпал етеді. Сіздерді бірлік пен татулық рухын сезініп, бейбіт елімізге деген мақтаныш сезімін бірге бөлісуге шақырамыз.

Поделиться в соц. сетях: