X

BATYR. Естеліктер

Күні: 15.05.2026 Уақыты: 19:30 Зал: Үлкен зал

Қазақконцертте танымал және халықтың сүйікті әншілерінің бірі Батырхан Шүкеновтің құрметіне арналған «BATYR. Естеліктер» атты концерт өтеді. Іс-шара «Astana Vibe Orchestra» ұжымымен бірге ұйымдастырылады.

Батырхан Шүкеновті еске алу концерті ұлы әрі талантты музыкантқа деген шынайы махаббат пен құрметтің көрінісі. Сонымен қатар, бұл шара көрермендерге қазақ музыка өнерінде айтарлықтай із қалдырған Батырхан Шүкеновтің шығармашылық мұрасымен танысуға мүмкіндік береді.

Концерттік бағдарламада өнер иесінің репертуарынан әндер орындалады.

 

Іс-шарада өнер көрсететіндер:

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Еркен Ынтықбаев, Ермек Магавин, «Құрмет» орденінің иегері Нұргүл Сапарова, композитор-аранжировщик, гитарист, дирижер Илья Башкатов, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Алибек Альмадиев, композитор-аранжировщик Валерий Стуров, гитарист-виртуоз Өнер Құлов, композитор, джаз пианисі Әділжан Толықпаев, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Мәди Сыздықов, Татьяна Ким, Зарина Божакова, Ербол Тәжібаев, Марат Нигматов, Сұлтан Ахмет, Евгений Ботников (саксофон), дирижерлер: Мәдениет саласының үздігі Қасым Айтбаев және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әліби Абдинұров және көркемдік жетекші, «Құрмет» орденінің иегері Ержан Исин.

Поделиться в соц. сетях: