«АРҚА ӨҢІРІНІҢ ӘН-КҮЙ МҰРАСЫ»
Күні: 10.10.2026 Уақыты: 18:00 Зал: Камералық зал
«Арқа өңірінің ән-күй мұрасы» - арқа өңірінің дәстүрлі әншілік және күйшілік өнерін дәріптейтін тағылымды концерт.
Кеш барысында Арқа төсінде қалыптасқан сал-серілік дәстүрдің таңдаулы әндері мен шертпе күй мектебінің көрнекті туындылары орындалады. Көрермендер Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Тәттімбет, Ықылас, Мәлік Хамзин және өзге де қазақ өнерінің ірі тұлғаларының шығармаларын тыңдай алады.
Концерт бағдарламасында «Гауһартас», «Жамбас сипар», «Желсіз түнде жарық ай», «Бестөре», «Сылқылдақ», «Қараторғай», «Ләйлім шырақ», «Жезкиік», «Сарыарқа», «Көк аршын» және басқа да ұлттық мұраның жауһарлары ұсынылады.
Сахнада Клара Төленбаева, Ерлан Рысқали, Асқар Мұқият, Толғанбай Сембаев, Бауыржан Мұхаметбай, Ақерке Тәжібаева, Қайрат Айтбаев және дәстүрлі өнердің басқа да өкілдері өнер көрсетеді.
«Арқа өңірінің ән-күй мұрасы» - кең даланың сырлы сазын, асқақ әні мен қоңыр күйін бір арнаға тоғыстыратын рухани кеш.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз