«АСТАНА САЗЫ» ансамблі
Күні: 29.05.2026 Уақыты: 19:00 Зал: Камералық зал
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы «Астана сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің концертіне шақырады.
Еліміздің жетекші шығармашылық ұжымдарының бірі «Астана сазы» ансамблі ерекше концерттік бағдарлама ұсынады. Концертте көрермен қазақ дәстүрлі музыкасының алуан түрлі композицияларымен танысып, этно-рок, этно-панк жанрындағы керемет кештің куәсі болады.
Кеш бағдарламасы ұлттық музыка өнерінің үздік туындыларын, күй, ән, би және олардың заманауи интерпретацияларын қамтиды. Ұлттық аспаптардың сазды әуені мен жаңашыл шығармашылық ізденістер қазақ халқының мәдени мұрасының құндылығын танытатын ерекше атмосфера сыйлайды.
Концертке қатысушылар:
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерболат Шалдыбеков, Айзат Қарабек
«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, композитор Бауыржан Ақтаев
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Асқар Мұқият, Әділхан Макин, Ардақ Елеусіз
Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Дарын Құдайбергенов, Дастан Қалмағанбетов, Тоғжан Үмбет, Аяулым Жұмкенова
«Birlik» би ансамблі
«G-Band» тобы
Бұл өнер кеші қазақ мәдениетінің байлығы мен биік рухын танытатын ұмытылмас музыкалық әсерге бөлейді. Қапы қалмаңыздар!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз