«ASTANA MUSICAL» «Мюзикл әлеміне саяхат» концертін ұсынды
21.06.2026
2026 жылғы 21 маусымда Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының сахнасында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театрының маусымының жабылуына арналған «Мюзикл әлеміне саяхат» атты театрландырылған концерттік бағдарлама өтті.
Бағдарламада төрт тақырыптық бөлімнен құрылды. Әр бөлім өзіндік музыкалық-театрлық эстетикасымен ерекшеленіп, көрермендерді мюзикл өнерінің ғажайып әлеміне жетелейтін тұтас көркемдік желі қалыптастырды.
Кеш барысында қазақстандық «Достар серті», «Роза Бағланова», «Алдар көсе» мюзиклдерінен, сондай-ақ әлемдік музыкалық театр жауһарлары – «Moana», «Mamma Mia», «Moulin Rouge», «Romeo and Juliet», «Beauty and the Beast», «Notre Dame de Paris», «Aladdin», «Memphis», «Seasons of Love», «Waitress» және «Hamilton» мюзиклдерінен үзінділер орындалды.
Бағдарламаға «GULDER» және «Бірлік» ансамбльдері, сондай-ақ Қазақ ұлттық өнер университеті колледжінің студенттері қатысты.
«ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры бұл жолы да музыкалық театр жанрының байлығы мен алуан қырын кеңінен таныстырып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй, жарқын, әрі ұмытылмас әсер сыйлады.
Айта кетейік, 27 маусым күні Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының 65-концерттік маусымының жабылуына арналған «GALA: Folk Show» мерекелік концерті өтеді.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз