X

Coupe Mondiale қонақтарының алғашқы легі Астанаға келіп жетті

18.08.2026

«Coupe Mondiale 79» халықаралық баянистер мен аккордеоншылар байқауына қатысатын мәртебелі меймандардың алғашқы легі, Confédération Internationale des Accordéonistes (CIA) ұйымының өкілдері Астана қаласына келіп жетті.

Қадірлі қонақтарды «Қазақконцерт» ұжымы қазаққа тән қонақжайлықпен елорда әуежайынан күтіп алды. Олардың қатарында CIA президенті Мирко Патарини, CIA қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Харли Джонс, CIA Музыкалық комитетінің төрағасы Александр Селиванов, CIA Музыкалық комитеті төрағасының орынбасары Грейсон Мейсфилд, CIA Музыкалық комитетінің мүшесі Конг Ю (Кристал) Ван, CIA кеңсесінің өкілдері Хизер Мейсфилд және Амбер Мейсфилд бар.

Айта кетейік, биыл Қазақстан мен Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Coupe Mondiale 79» халықаралық байқауы 23–27 тамыз аралығында өтеді. Байқаумен қатар CIA-ның 156-шы халықаралық делегаттар конгресі де ұйымдастырылады.

Алдағы күндері Астана әлемнің түкпір-түкпірінен келген баян және аккордеон өнерінің майталмандарын бір сахнада тоғыстырып, халықаралық музыка қауымдастығының маңызды орталығына айналмақ.

Астанаға қош келдіңіздер!

Welcome to Astana!

Поделиться в соц. сетях: