X

«Гүлдер» ансамблі NOMAD FEST фестивалінің «Этно-би» халықаралық байқауында Гран-при иеленді!

05.09.2026

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Гүлдер» ансамблі Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы NOMAD FEST фестивалінің «Этно-би» халықаралық байқауында Гран-при иеленді!

Байқауда Моңғолия, Түркия, Болгария, Үндістан, Пәкістан, Қырғызстан және өзге де елдердің кәсіби би ұжымдары өнер көрсетті. «Гүлдер» ансамблі ұлттық би мұрасын заманауи хореографиямен шебер ұштастырған қойылымдарын ұсынып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Ал «Гүлдер» ансамблінің бас балетмейстері Анвара Садықова үздік балетмейстер ретінде гран-при иеленді. 
 
Ұжымды қос қуанышымен құттықтаймыз!

Поделиться в соц. сетях: