X

«Қазақконцертте» Роза Рымбаеваның шығармашылық кеші өтті

27.05.2026

27 мамыр күні «Қазақконцерт» сахнасында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның шығармашылық жолындағы 50 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шығармашылық кеші өтті.

Кеш барысында қазақ эстрадасының жарық жұлдызымен бірге белгілі өнер майталмандары мен жас орындаушылар өнер көрсетті. Олардың қатарында Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, Қайрат Баекенов, Қазыбек Құрайыш, Маржан Арапбаева, Гүлсім Мырзабекова, Баян-Сұлу және Батыржан Тазабеков бар.

Сондай-ақ концертке композитор Еркін Ынтықпаев, дирижерлер Александр Беляков пен Дархан Рахымғали, Илья Башкатов жетекшілік ететін музыканттар және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі қатысты.

Салтанатты кеште Роза Рымбаеваның отбасы сахнаға шығып, өнерсүйер қауымға алғыс білдірді. Әншінің шығармашылығына арналған әсерлі кеш көрерменнің көңілінен шықты.

Кеш соңында Роза Рымбаеваға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Астана қаласы әкімдігі атынан «Ықылас гүлі» табысталды.

Поделиться в соц. сетях: