X
Тоғжан
Тоғжан Үмбет
Толығырақ

Фото

Әртіс туралы

    Шығармашылық жетістіктері:

2009 ж. – «Жас музыкант» облыстық байқауының дипломанты.

2009 ж. – «Жас музыкант» республикалық байқауының II орын иегері.

2009 ж. – VI республикалық «Ақ көгершін» балалар шығармашылығы байқауының III орын иегері.

2010 ж. – IV халықаралық «Ақ көгершін» байқауының II орын иегері.

2010 ж. – XII «Бозторғай» байқауының I орын иегері.

2011–2012 жж. – «Бозторғай» балалар шығармашылығы халықаралық байқауының екі дүркін I орын иегері.

2011 ж. – «Kreatywne Spotkania w Opolu» халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы фестивалінің дипломанты.

2011 ж. – «L'été à Paris» халықаралық фестивалінің дипломанты.

2012 ж. – Ахмет Жұбанов атындағы республикалық жас орындаушылар байқауының I орын иегері.

2012 ж. – Жас музыканттардың XLVI республикалық фестиваль-байқауының III орын иегері.

2014 ж. – Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ музыка мектеп-интернатының 50 жылдығына арналған халықаралық жас орындаушылар байқау-фестивалінің I орын иегері. Ермұрат Үсеновтің шығармасын үздік орындағаны үшін арнайы грамотамен марапатталған.

2014 ж. – Мұрат Өскінбайұлы атындағы VI республикалық күйшілер байқауының II орын иегері.

2014 ж. – Республикалық Кіші олимпиаданың I орын иегері.

2015 ж. – Нұрғиса Тілендиев атындағы IV «Саз» фестивалінің бас жүлдегері және Астана қаласы әкімінің кубогының иегері.

2015 ж. – Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы VI республикалық халық аспаптарында күй орындаушылар байқауының дипломанты.

2016 ж. – «Шабыт» XIX халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты.

2017 ж. – Құрманғазы атындағы XI республикалық халық аспаптарында орындаушылар конкурсының алғыс хат иегері.

2017 ж. – Дина Нұрпейісова атындағы V республикалық «Бұлбұл домбыра» домбырашы қыз-келіншектер байқауының I орын иегері.

2018 ж. – Күйші Роза Айдарбаеваның шығармашылығына арналған республикалық қыз-келіншектер байқауының III орын иегері.

2019 ж. – «Әр бала – дара бала» I республикалық күй сайысының бас жүлдегері.

2020 ж. – Дәулеткерей Шығайұлының 200 жылдығына және Дәулеткерей атындағы қазақ аспаптары оркестрінің 20 жылдығына арналған «Күй LIVE» республикалық онлайн домбырашылар байқауының дипломанты.

2025 ж. – Қ. Медетов атындағы балалар өнер мектебі директорының және Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының алғыс хаттарымен марапатталған.

2026 ж. – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің алғыс хатымен марапатталған.

Поделиться в соц. сетях: