X
Сая
Сая Махамбет
Толығырақ

Фото

Әртіс туралы

    Сейтимова Сая Махамбетовна – вокалист (сопрано), солист.

    Білімі:

2005–2009 жж. – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Өнер факультеті, «Музыкалық білім» мамандығы;

Жоғары білімді.

Мамандығы: вокалист (сопрано);

Лауазымы: солист.

 

    Шығармашылық жетістіктері:

2006 ж. – Халықаралық Шәмші Қалдаяқов атындағы байқаудың лауреаты;

2006 ж. – Республикалық «Арай» байқауының лауреаты;

2007 ж. – Республикалық «Жас қанат» байқауының жүлдегері;

2008 ж. – Малайзияда өткен «Азия Шанхай» халықаралық ән байқауында «Ең үздік әнші» номинациясының иегері;

2008 ж. – Беларусь Республикасында өткен халықаралық «Славян базары» байқауының дипломанты;

2008 ж. – Халықаралық «Шабыт» ән байқауының лауреаты;

2010 ж. – Қарағанды қаласында өткен республикалық «Жұлдыз» байқауының лауреаты;

2016 ж. – Алтынбек Қоразбаев атындағы «Ән жырым саған туған ел» халықаралық ән байқауының бас жүлдегері;

2018 ж. – Мәскеу қаласында өткен халықаралық «Пироговский рассвет» ән байқауының бас жүлдегері;

2019 ж. – «Топ жарған» мегажобасына қатысты;

2020 ж. – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен Жастар жылына орай Құрмет грамотасымен марапатталды;

2024 ж. – Мәскеу қаласында өткен халықаралық «Большая сцена» байқауының финалисті;

2024–2025 жж. – «Төрлетіңіз» бағдарламасына қатысты;

«Таңғы хабар», «Таңғы шоу», «Көреміз», «Тойдуман» телебағдарламаларына, сондай-ақ «Қазақ» және «Шалқар» радиоларына қатысты;

2021–2023 жж. – Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған республикалық және концерттік жобалар мен телебағдарламаларға қатысты.

 

Поделиться в соц. сетях: