Мирас Нуржанов – дирижёр, виолончелист, музыкальный руководитель и преподаватель, лауреат республиканских и международных конкурсов.
Білімі:
2008–2012 жж. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, «Виолончель» мамандығы, «солист» біліктілігі;
2016–2021 жж. – Н. А. Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік консерваториясы, «Опералық-симфониялық дирижерлік» мамандығы, профессор А. Титовтың сыныбы;
2021–2023 жж. – Н. А. Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік консерваториясының опералық-симфониялық дирижерлік кафедрасында профессор А. Титовтың сыныбында ассистентура-стажировкадан өтті.
Шығармашылық жетістіктері:
2017 ж. – Санкт-Петербургтегі «Елена» фестивалі аясында Дж. Пуччинидің «Богема» операсын дайындау барысында маэстро Никола Пашковскийдің дирижер-ассистенті;
2018 ж. – Санкт-Петербург мемлекеттік консерваториясының дирижерлік факультеті байқауының жеңімпазы. Байқау жүлдесі ретінде Хабаровск қаласындағы Қиыр Шығыс симфониялық оркестрімен өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды;
2018 ж. – Санкт-Петербургтегі XVIII Халықаралық консерваториялар апталығының концерттік бағдарламасын дайындау барысында Владимир Федосеевтің дирижер-ассистенті;
2019 ж. – Кострома қаласында өткен Илья Мусин атындағы V Халықаралық дирижерлер конкурсының II жүлдегері және оркестрдің арнайы «Көзайымы» сыйлығының иегері;
2019 ж. – Санкт-Петербург мемлекеттік консерваториясының Опера және балет театрында П. И. Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсымен дирижерлік дебютін жасады;
2021 ж. – Бурят мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Б. Асафьевтің «Бақшасарай фонтаны» балетінің премьералық қойылымының музыкалық жетекшісі;
2021 ж. – Дж. Вердидің «Травиата» және Дж. Пуччинидің «Богема» операларында дирижер ретінде дебют жасады;
2022 ж. – П. И. Чайковскийдің «Пиковая дама» операсын және Ш. Гуноның «Ромео мен Джульетта» операсын дайындау барысында дирижер-ассистент қызметін атқарды;
2022 жылдан – Н. А. Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік консерваториясының Опера және балет театрындағы П. И. Чайковскийдің «Пиковая дама» операсының музыкалық жетекшісі;
2023 ж. – Кострома қаласында С. В. Рахманиновтың туғанына 150 жыл толуына арналған «Рахманинов-FEST» фестивалінің ұйымдастырушысы әрі дирижері;
2023 ж. – Сыктывкар қаласындағы Коми Республикасының Академиялық опера және балет театрында «Көктемгі Чайковский» фестивалі аясында П. И. Чайковскийдің «Иоланта» операсының жаңартылған қойылымын дирижерледі;
2023 ж. – «Опера&Подиум» халықаралық және жоғары оқу орындары арасындағы жобасының музыкалық жетекшісі әрі дирижері;
2025 ж. – Италияның Орвието қаласындағы Манчинелли театрында Дж. Вердидің «Фальстаф» операсының қойылымында дирижер-стажер қызметін атқарды;
Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты.
Еңбек жолы:
2014–2016 жж. – «Камерата Қазақстан» оркестрінің солист-әртісі;
2021 жылдан – Санкт-Петербург мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің шақырылған дирижері;
2021 жылдан – Кострома облысы мемлекеттік филармониясының Камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі;
2023 жылдан – Н. А. Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік консерваториясының оқытушысы;
Дирижер ретінде Санкт-Петербург мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрімен, Санкт-Петербург консерваториясының Студенттік симфониялық оркестрімен, Санкт-Петербург жастар оркестрімен, Мурманск филармониялық оркестрімен, «Эрмитаждағы өз Еуропаңды аш» фестивалі аясындағы Жастар камералық оркестрімен, сондай-ақ Жамбыл атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрімен ынтымақтастықта жұмыс істеді.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз