Білімі:
2010 ж. – П. И. Чайковский атындағы музыкалық колледжіне оқуға түсті.
2011 ж. – «Нұрғиса Тілендиевтің музыка әлемі» жобасы аясында өткен «Композитордың әндері мен күйлерін шебер орындау» конкурсында домбыра мамандығы бойынша лауреат атанды.
Шығармашылық жетістіктері:
2010–2012 жж. – «Жігер» фольклорлық ансамблінің құрамында өнер көрсетті. Ансамбль құрамында Арменияның Ереван, Ресейдің Мәскеу, Германияның Берлин қалаларында және басқа да елдерде өнер көрсетті.
2012 ж. – «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің құрамына кірді.
2019 ж. – Қызылорда қаласында өткен түркітілдес елдердің «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалінде орындаушылық өнердің үздік үлгісін көрсеткені үшін дипломмен марапатталды.
2019 ж. – Австрияның Штюбинг және Грац қалаларында өткен World Wood Day халықаралық іс-шарасына музыкалық орындаушылық бағдарламамен қатысты.
2023 ж. – Анкара қаласында ұйымдастырылған «Türk Kanı» концерттік бағдарламасына қатысып, ТҮРКСОЙ Бас хатшысының Алғыс хатымен марапатталды.
2025 ж. – Астанада өткен «ALEM AUENI» халықаралық өнер фестиваліне қатысты.
2026 ж. – Баку мемлекеттік университетінде өткен «Turan Ensemble» концерт-дәрісінің ұйымдастырылуына және жоғары деңгейде өткізілуіне қосқан үлесі үшін Certificate of Appreciation алғыс сертификатымен марапатталды.
«TURAN» этно-фольклорлық ансамблі құрамында халықаралық концерттік жобаларға қатысып, қазақтың дәстүрлі музыкалық өнерін шетел сахналарында насихаттап келеді.
Еңбек жолы:
2022 жылдан бері – Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «TURAN» этно-фольклорлық ансамблінің солисі.
Қазіргі таңда – Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы, «Халық қазынасы» дәстүрлі музыкалық өнер орталығының Алматы қаласы филиалының солист-артисі.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз