X
Еркен
Еркен Ынтықбаев
Толығырақ

Фото

Әртіс туралы

    Ынтықбаев Еркен – пианист, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі.

    Білімі:

1979 ж. – музыкалық училищені бітірген;

1979 ж. – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына фортепиано мамандығы бойынша Аида Исакова және Владимир Тебенихиннің сыныбына оқуға түсті.

Мамандығы: пианист.

 

    Шығармашылық жетістіктері:

1989 ж. – «Арай» тобының құрамында шығармашылық қызмет атқарып, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваға арналған алғашқы әндерін жазды;

1998 ж. – «Жас Қанат» байқауында «Белый стих» және «Королева» әндері үшін «Ең үздік аранжировка» номинациясының иегері;

2001 ж. – «Қазақ елі» әні үшін «Алтын диск» сыйлығының және «Онжылдықтың ең үздік әні» атағының иегері;

2005 ж. – «Алматым менің» әні үшін «Алматы туралы ең үздік ән» дипломының иегері;

2007 ж. – Астана қаласының 10 жылдығына арналған байқауда «Ақ Ордам – Астанам» әні үшін «Ең үздік ән» номинациясының иегері;

2008 ж. – Алматы қаласындағы Республика сарайында шығармашылық қызметінің 25 жылдығына арналған «Е. Ынтықбаевтың мелодиясы» атты шығармашылық кешін өткізді;

2010 ж. – Жамбыл атындағы Мемлекеттік орталық концерт залында «Жерім – жаннатым» атты концертін өткізді;

Көптеген эстрадалық және аспаптық шығармалардың, деректі және анимациялық фильмдерге арналған музыкалық шығармалардың авторы.

«Ана жан», «Алматым – Астанам», «Жерім – жаннатым», «Қазақ елі», «Жұлдызды жылдар», «Арманға арнау», «Алтын сағым», «Ән қанатым», «Ақ Орда – Астана», «Өмірде сен барсың» және басқа да әндердің авторы;

«Жанель», «Анель», «Откровение», «Прикосновение», «Моим друзьям» және басқа да аспаптық шығармалардың авторы;

Б. Қайырбековтың «Алатаудың шуақты қары», «Планетаның тоғызыншы бөлігі» деректі фильмдеріне және Г. Мырзашевтың «Көксерек», «Бауырсақ» анимациялық фильмдеріне музыка жазды.

2020 ж. – Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаевамен бірге «Звезда на карантине» жобасына қатысып, өнер көрсеткені үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

 

    Мемлекеттік наградалары:

2011 ж. – «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;

2013 ж. – «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» атағы.

 

    Еңбек жолы:

1985–1987 жж. – облыстық филармонияның «Арқас» тобында жұмыс істеді;

1987–1990 жж. – «Қазақконцерт» бірлестігінің «Дос-Мұқасан» тобында қызмет атқарды;

1990–1998 жж. – «Қазақконцерт» бірлестігінің «Арай» тобында қызмет атқарды;

1998–2001 жж. – «Мери Лонг», «Аян» топтарының жетекшісі;

2001–2017 жж. – «Қазақ әуендері» АҚ, «Қазақконцерт» бірлестігінің жоғары санатты солисі;

2020 жылдан – «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы» РМҚК Алматы қаласы филиалының жоғары санатты әртісі.

 

Поделиться в соц. сетях: