X
Дина Мирманова
Дина Мирманова

Фото

Әртіс туралы

   Дина Мирманова –концертмейстер, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері

    Білімі:

1988–1999 жж. — К. Байсейітова атындағы республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты, «Фортепиано» мамандығы.

1999–2003 жж. — Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, «Фортепиано» кафедрасы.

2003–2005 жж. — Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, ассистентура-тағылымдама.

    Шығармашылық жетістіктері:

А. Жұбанов атындағы І ашық конкурс, І дәрежелі диплом, Алматы қ., 1993 ж.

Орта Азия мен Қазақстанның арнаулы музыкалық орта мектептері арасындағы пианистердің І халықаралық конкурсы, ІІ дәрежелі диплом, Ашхабад қ., 1994 ж.

«Айналайын» І халықаралық жас таланттар фестивалі (қатысушы/дипломант).

Орталық Азия, Қазақстан және Әзербайжан пианистерінің І халықаралық конкурсы, IV дәрежелі диплом, Алматы қ., 2000 ж.

Ішекті аспаптарда орындаушы жас музыканттардың VI халықаралық конкурсы, «Үздік концертмейстер» құрмет грамотасы, Тольятти қ., 2002 ж.

Пианистердің ІІ ашық халықаралық конкурсы, диплом және Ж.Я. Әубәкірова атындағы арнайы жүлде, Алматы қ., 2004 ж.

ХХV республикалық халық аспаптары конкурсы, концертмейстерге арналған құрмет грамотасы, Алматы қ., 2004 ж.

«Шабыт» ІХ халықаралық шығармашылық жастар фестивалі, ІІ дәрежелі диплом, Астана қ., 2006 ж.

І халықаралық скрипкашылар конкурсы, «Үздік концертмейстер» дипломы, Астана қ., 2006 ж.

Ф. Шопен атындағы музыкалық ұйымның аясында өткен XXIV халықаралық пианистер конкурсы, «Фортепианолық дуэт» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі диплом, Рим қ. (Италия), 2014 ж.

П. Чайковский атындағы Х халықаралық жасөспірімдер конкурсы, «Үздік концертмейстер» дипломы, Астана қ., 2017 ж.

XV халықаралық конкурс, «Дуэт» номинациясы бойынша Гран-при, «Концертмейстер» және «Педагог» дипломдары, Пезаро қ. (Италия), 2018 ж.

Поделиться в соц. сетях: