X
Ардақ
Ардақ Елеусіз

Домбырашы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты

Толығырақ

Фото

Әртіс туралы

    Білімі:

2017 ж. – Қазақ ұлттық өнер университетін «Дәстүрлі өнер, домбыра» мамандығы бойынша бітірді.

    Шығармашылық жетістіктері:

2005 ж. – Нұрғиса Тілендиев атындағы I аймақтық «Ақ Жайығым» балалар байқауының дипломанты.

2006 ж. – «Жас қанат» қалалық байқауында «Күй» жанры бойынша I орын иегері.

2010 ж. – Ахмет Жұбанов атындағы республикалық байқаудың II орын иегері.

2012 ж. – Дельфий ойындарының «Поэзия» номинациясы бойынша алтын медаль иегері.

2014 ж. – Қазанғап атындағы «Ақжелең» республикалық байқауының I орын иегері.

2015 ж. – Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы күйшілер байқауында Таласбек Әсемқұлов атындағы арнайы жүлдеге ие болды.

2016 ж. – Ұзақ Мырзабайұлы атындағы республикалық байқаудың I орын иегері.

2016 ж. – Мұрат Өскінбайұлы атындағы республикалық күйшілер байқауында Өскінбай Қалманбетұлы атындағы арнайы жүлдеге ие болды.

2017 ж. – Республикалық университеттік домбырашылар байқауының I орын иегері.

2017 ж. – Сағын Жалмышев атындағы республикалық күйшілер байқауының III орын иегері.

2017 ж. – «Мен қазақпын» халықаралық телевизиялық мегажобасының бас жүлдесін жеңіп алып, «Үздік күйші – 2017» атанды.

2018 ж. – Күйші Бақыт Басығараевтың 90 жылдығына арналған «Ақжелең» республикалық күйшілер байқауының I орын иегері.

2021 ж. – Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы VIII республикалық байқаудың бас жүлдегері.

2021 ж. – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Республикалық деңгейде «Аманат» (2016), «Мен қазақпын» (2017), «Күй шақырғыш Ақжелең» (2019) атты жеке шығармашылық кештерін өткізді.

Қазақ эстрадасы әншілерінің бірқатар әндерінің мәтінін жазған. Соның ішінде 2020 жылғы «Балалар Евровидениесі» байқауында екінші орын алған Қарақат Башанованың «Forever (Әке)» әнінің сөзін жазған.

Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай, Украина, Түркия, Австрия, Словения, Сербия, Чехия, Ұлыбритания, Франция, Испания және Португалия елдерінде өнер көрсетті.

    Кәсіби қызметі:

Дәстүрлі күй өнерін насихаттаумен және шығармашылық қызметпен айналысады.

Поделиться в соц. сетях: