X
Әділхан Макин
Әділхан Макин

Фото

Әртіс туралы

Әділхан Макин – эстрадалық әнші, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.  


Білімі:

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, мамандығы – эстрада вокалисі

    Шығармашылық жетістіктері:

2006 жылы Алматы қаласында өткен «Бозторғай» халықаралық балалар шығармашылығы байқауына қатысқаны үшін диплом

2010 жылы Петропавл қаласында өткен «Радуга» ұлттық мәдениеттер облыстық фестиваліне қатысқаны үшін диплом

2012 жылы Петропавл қаласында өткен «Таң Шолпан» вокалдық орындаушылық байқауында ІІ орын

2012 жылы Алматы қаласында Қазақстандағы Франция елшілігі ұйымдастырған «Alliance Française» байқауына қатысқаны үшін диплом

2012 жылы Астана қаласында өткен жас орындаушылардың ХХІ Республикалық «Жас Қанат» байқауының финалисі атанып, Астана қаласы әкімінің жүлдесіне ие болды.

2013 жылы Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетіне «Актерлік шеберлік» мамандығы бойынша оқуға түсті.

2013 жылы Астана қаласында өткен «Шабыт» халықаралық байқауында ІІ орын

2013–2014 жылдары Алматы қаласында өткен «Қазақстан дауысы» жас орындаушылар байқауына қатысып, жартылай финалға дейін жетті.

2016–2020 жылдары Алматы қаласындағы Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Эстрада вокалисі» мамандығы бойынша білім алды.

2017 жылы Сербияның Белград қаласында Қазақстан Республикасының Елшілігінің қолдауымен өткен «Сербиядағы Қазақстан мәдениетінің күндері» концерттік бағдарламасына қатысты.

2018 жылы Алматы қаласында өткен Silk Way Karaoke Battle байқауында І орын алып, Құрмет грамотасымен марапатталды.

2018 жылы Қарағанды қаласында өткен «Жұлдыз – 2018» эстрадалық ән орындаушыларының республикалық байқауында гран-при иегері атанды.

2018 жылы Испанияның Марбелья қаласында өткен TU ONDA (Твоя Волна) халықаралық конкурс-фестивалінде гран-при иеленді.

Алматы қаласында өткен X Factor Kazakhstan телевизиялық жобасының жетінші маусымының финалисі.

2019 жылы Болгарияның Добрич қаласында өткен XXVIII Еуропалық жастардың поп-рок байқауы «Сарандев – 2019» аясында І орын

2019 жылы «Славян базары» халықаралық фестивалінде гран-при иегері атанды.

2019 жылы Грузияда өткен Tetri Toliya халықаралық эстрадалық-вокалдық байқауында гран-при жеңіп алды.

2021 жылы The Voice Russia шоуының 10-маусымының қатысушысы болды.

2022 жылы «Almatym Juregimde» халықаралық байқауында гран-при иеленді.

Поделиться в соц. сетях: