X

2000-ЖЫЛДАРДЫҢ ХИТ ӘНДЕРІ

Күні: 18.12.2025 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал

Қазақконцерт 2000-жылдардағы қазақстандық эстраданың ең үздік әндерін ұсынады. Бұл музыкалық жоба еліміздің заманауи сахнасының жас жұлдыздарын біріктіріп, тыңдарманды сол дәуірдің әуені мен рухына қайта оралтады.

Кеш барысында көрермендер сол кезеңнің ұмытылмас әуендерімен бірге өткенге саяхат жасап, сүйікті хиттерін жаңа өңдеуде тыңдай алады. Қазақ эстрадасының жас жұлдыздары орындаған бұл концерт көрерменге көтеріңкі көңіл-күй мен ностальгиялық әсер сыйлайды.

Концерттік бағдарламада «МузАРТ», «Нұр-Мұқасан», «Жігіттер», «ORDA», «All Давай», «Овощи и Фрукты» және басқа да танымал топтар мен орындаушылардың хит әндері орындалады.

Бұл кеш өткеннің жүрекке жылы естеліктері мен қазіргі буынның шығармашылық энергиясы тоғысқан нағыз музыкалық шоу! Әсерлі кешті жіберіп алмаңыздар!

Поделиться в соц. сетях: