X

Жұлдызбен бір сахнада

17.05.2021

Биыл өзінің 60-шы мерейтойлық маусымын өткізіп жатқан «Қазақконцерт» ұйымы көрермен қауымды жаңа концерттермен қуантпақ. Жаздың алғашқы айында өнер сүйер қауым «Жұлдызбен бір сахнада» атты жаңа жобаның куәгері бола алады.

Жаңа жобаның басты ерекшелігі – көрермендер концерттерді әртістермен бірге сахнада отырып тамашалап, концерттердің тікелей қатысушысы бола алады. Әртістер өнер сүйер қауымға жақынырақ бола түсіп, жаңаша әсер мен ерекше көңіл-күй сыйламақ.

«Жұлдызбен бір сахнада» жобасы аясында маусым айында түрлі музыкалық бағыттағы 10 концерт пен спектакль өтеді. Барлық іс-шаралардың толық сипаттамасы "Афиша" бөлімінде берілген http://www.qazaqconcert.kz/kz/posters

Концерттердің барлығы офлайн форматта «Қазақстан» орталық концерт залында өткізіледі. Көрермендер концерттік залға «Ashyq» қосымшасы арқылы кіре алады.


Поделиться в соц. сетях: