X

«Saz&Soul» тобының жаңа авторлық кеші қалай өтті

13.06.2021

«Saz&soul» тобы елорда жұртшылығына өзінің жаңа авторлық концертін ұсынды. Шығармашылық кеш «QAZAQSTAN» ОКЗ бас сахнасында өтті.

«Saz&soul» вокалдық-аспаптық ансамблі – әртүрлі музыкалық жанрдағы композицияларды орындайтын музыкалық ұжым. Ансамбль халық әндері мен заманауи өлеңдердің ерекше каверлері мен жаңа авторлық нұсқаларын орындайды.

Жаңа форматта өткен концерт жұртшылықтың зор ықыласына бөленді. Бұл кешті өнер сүйер қауым әртістермен бір сахнада отырып тамашалап, концерттің тікелей қатысушысы ретінде жаңа әсер алды. Сондай-ақ өнер сүйер қауым топтың жаңа әншісі Зарина Божакованың талантын, кәсібигін жоғары бағалады. Зарина Божакова – кәсіби вокалист, көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты.

Концертте көрермен қауым топты жаңа қырынан танып, заманауи авторлық туындыларды тыңдай алды. Музыканттар топтың құрамында өнер көрсететін Шырын Базаркулова мен Азамат Темірбаевтың шығарған жаңа вокалдық және аспаптық шығармаларын орындады. Ансамбль композитор Әділжан Толықпаевтың көркемдік жетекшілігімен өнер көрсетті.

Қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары Әміре және Мади Сыздықов кеш қонақтары атанып, өз өнерлерін ортаға салды.

Поделиться в соц. сетях: