X

Жаңа мерейтойлық рубрика

12.06.2020

Қымбатты көрермендер, назарларыңызға Қазақконцерт таланттарына арналған жаңа "Мерейтойлық рубриканы" ұсынамыз!

Заманымыздың белгілі өнер иелерінің басым көпшілігі Қазақконцертте бас қосқаны сіздерге белгілі. Олар тарих беттеріне есімдері алтын әріппен жазылған даңқты тұлғалардың ізін жалғастыруда.

Талайды талантымен тамсандырған әр әртісіміздің өнерде өзіндік орны, ерекше қолтаңбасы бар. Ұрпақтар сабақтастығын сақтап, Қазақконцерттің музыкалық өнердің ірі ошағына айналуы және кемелденуі жолында қазіргі аға буын мен жас таланттардың еңбегі зор.


Қазақконцерттің 60 жылдығына арналған "Мерейтойлық рубрика" айдарында сіздерге:
- Қазақконцерт артистерінің өнері мен тағылымы;
- сахнаға, артистердің образдарына көрік беріп, сахна сыртында қалтқысыз қызмет ететін мамандар туралы қызықты мәліметтер ұсынылады.

Поделиться в соц. сетях: