X

Ақ халатты абзал жандарға ән арналды

15.04.2020

Қазіргі уақытта короновирус індетіне байланысты еліміз сын сағатын бастан кешуде. Пандемияға қарсы күресте ақ халатты абзал жандардың еңбегі зор. Осы орайда «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «Халық қазынасы» бөлімінің әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Клара Төленбаева отбасымен бірге дәрігерлерге арнап ән орындады.

Жаңа әннің авторы – белгілі композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Салықов, сөзін жазған – ақын Дәулеткерей Кәпұлы.

Бұл әнді отбасымен шырқаған әнші адам өмірі үшін жан аямай күресіп жатқан дәрігерлерге алғысын жеткізді.


Дәрігерлерге арналған жаңа ән "Карантиндегі жұлдыз" жобасының аясында өткен онлайн концертте де орындалды. Тікелей эфирді тамашалаған көрермен қауым бұл туындыны жоғары бағалап, ерекше ықыласпен қабылдады.

Поделиться в соц. сетях: