X

"Қазақконцерт" ұжымы вирусқа қарсы екпе қабылдады

30.04.2021

Бүгін «Қазақконцерт» ұжымы короновирусқа қарсы  вакциналарды салдырды. «Спутник V» вакцинасын ерікті түрде қабылдаған Қазақконцерт қызметкерлерінің жағдайы қалыпты, арыз-шағымдары жоқ. Ұжымды вакцинациямен қамту үшін кәсіпорында егу пункті ұйымдастырылды. Арнайы жасақталған егу бөлмесінде барлық санитарлық талаптар қатаң сақталған.

Нұр-Сұлтан қаласы эпидемиологиялық ахуал бойынша «қызыл аймаққа» енгенін ескере келе, Қазақконцерт қызметкерлері вакцина салдыруды барынша қолдайтынын жеткізді. Қазіргі уақытта екпе – вирусқа қарсы ең тиімді тәсіл деген ұстанымды қолдаған ұжым вакцианаланудың екінші бөлігін 3 аптадан кейін қабылдайды.

Поделиться в соц. сетях: