X

Ақтоты Райымқұлова "Қазақконцерт" ұжымын құттықтады

05.10.2020

Өнердің киелі ордасы - Қазақконцертті 60 жылдық мерейтойымен алғашқылардың бірі болып Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова құттықтады. 

«Есімдері қазақ мәдениетінің тарихына алтын әріппен жазылған сахна абыздарының ізін жалғап, талай таланттың өнерін шыңдаған іргелі мекеме бүгінде ел мәдениетінің қара шаңырағына айналып отыр. Тарихы бай, тамыры терең ұжым ұлттың рухани мүддесін ұлықтап, отандық өнердің дамуына зор үлес қосып келе жатыр. Алпыстың асуын бағындырып, игі дәстүр мен жаңашылдықты ұштастыра білген «Қазақконцерт» әрдайым өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөлене беруіне тілектеспін. Осынау тағылымы терең өнер ордасында еңбек етіп жүрген әртістер мен барлық өнер ұжымын 60 жылдық мерейтоймен шын жүректен құттықтаймын!»,- деп жеткізді Ақтоты Рахметоллақызы құттықтау хатында.

Поделиться в соц. сетях: