Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Әйгілі “Notre Dame de Paris” мюзиклi өз мәресіне жетті

Қымбатты өнер сүйер қауым, міне Елордамыздың 20 жылдық мерейтойына арналған әйгілі “Notre Dame de Paris” мюзиклi 7 күн бойы көрерменнің ерекше ықыласына бөленіп, өз мәресіне жетті. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Qazaqconcert» мемлекеттік концерттік ұйымы ұйымдастыруымен қазақ тілінде сахналанған «Notre Dame de Paris» қойылымы отандық театр өнері үшін жаңа жетістік, тың жаңалық болды.

Лық толы зал... Таңырқаған көрермен... Ɵнерлi артистер... Келер жылы шығармашылық ұжым Қазақстанның басқа қалаларына гастрольдік турге шығатын болады.
«Notre Dame de Paris» мюзиклі француздық шансон мен сыған мотивтеріндегі танымал әндер, хореография, акробаттар өнері және қайталанбас декорациялармен өрнектелген. Мюзикл желісінде қазақ тілінде орындалатын «Belle», «Danse mon esmeralda», «Le Temps des Cathedrales» секілді елуге жуық әннің әуені тыңдарманды бірден баурап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Уақыт сынынан өтіп, талғампаз көрерменнің ыстық ықыласына бөленген мюзикл ешкімді бейжай қалдырмағаны анық.
Елбасы ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асатын «Notre Dame de Paris» қойылымы заманауи Қазақстанның тарихындағы айтулы оқиға болғаны сөзсіз.