Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

«Astana Musical» мемлекеттік театрының көркемдік жетекшісі

Есләм Нұртазин – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының иегері, философия ғылымдарының докторы (PhD). Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын драма театр режиссері мамандығы бойынша аяқтаған. 2011-2013 жж. Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университетінде және әлемге танымал Нью-Йорк Кино академиясында (АҚШ) білім алған.

Есләм Серікұлының шығармашылық қызметі театр және кино өнерімен тығыз байланысты. Ол Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында, Б.Римова атындағы Алматы облыстық театрында 15 жуық мюзикл мен спектакльді сахналады.

Еліміздегі ең алғашқы мюзикл жанрындағы «Достар серті» отандық туындысы Есләм Нұртазиннің режиссерлігімен қойылып, «Astana Musical» театрының шымылдығын ашты. Сонымен қатар ол «Astana Musical» репертуарындағы «Ер Төстік», «№13» сынды белгілі қойылымдардың режиссері болып табылады.

Есләм Нұртазин көптеген отандық фильмдер мен театр сахналарында актер ретінде мол тәжірибе жинаған. Ол жоғары кәсібилігін тек өз шығармашылығында ғана көрсетпей, шәкірт тәрбиелеп, өзінен кейінгі жас әрі талантты әртістер буынының қалыптасуына зор үлес қосуда.

Белгілі қазақстандық режиссер отандық театр өнерін бірнеше рет халықаралық сахналарда таныстырды. 2012 жылы Оңтүстік Корея мемлекетінде өткен Халықаралық мюзиклдер фестивалінде Алтын кубокты жеңіп алған.

Мəдениет жəне ɵнер саласындағы жоғары жетiстiктерi үшiн 2018 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентi - Елбасы қоры сыйлығының лауреаты атанды.

Әрі қарай оқу

Фотоальбом