Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

«Astana Musical» мемлекеттік театры

«Astana Musical» – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының негізінде құрылған еліміздегі және Орталық Азиядағы тұңғыш мемлекеттік мюзикл театры. Мюзикл – әртүрлі жанрдың бір түрге айналуы. Сиқырлы сөз өнері, опера, хор, балет, қазіргі заманғы би ырғағы, ұжымдық  би, фокус, акробатика секілді ең озық үлгілерді өз бойына жинақтаған,  шығармашылық синтезі.
«Astana Musical» мемлекеттік театры Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде 2017 жылы Европаның ең ірі бес қаласын (Париж, Канн, Брюссель, Вена, Берлин) қамтыған халықаралық гастрольдік турне өткізді.
2018 жылы әлем театрларының өнер алаңына айналған «Авиньон» халықаралық театр фестивалі «Astana Musical» мемлекеттік театры есімін әлемге тағы да танытты.
Мемлекеттік театр әлем сахналарында халқымыздың ең көне рухани  мұраларының бірі – «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклін көпшілікке  ұсынды. Үздік үлгілерден үлгі алуға, үйренуге талпынған театр өз ерекшелігімен дараланады. «Қыз Жібек» мюзиклі жаңашылдығымен құнды.  
Әйгілі Уильям Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» туындысына негізделген қазақ тілінде алғаш көрерменге ұсынылған мюзикл премьерасына оның авторы маэстро Жерар Пресгурвик қатысты.
Сонымен қатар, театр репертуарында «Ертөстік» ертегісі, ретро-хит әндерге негізделген «Достар серті» қойылымы, ақын М.Мақатаевтың  «Жырлайды жүрек», ақын Оңайгүл Тұржанның «Мен сағындым...» поэтикалық мюзиклдері бар. 
2016 жылы құрылған «Astana Musical» мемлекеттік театрының көркемдік жетекшісі – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының иегері, философия ғылымдарының докторы (PhD) Есләм Нұртазин. 
Әрі қарай оқу

Фотоальбом