Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Айман Мұсақожаева

Айман Қожабекқызы Мұсақожаева 

1958 жылы 15 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. А.Мұсақожаева – әлемге танымал скрипкашы, көрнекті қоғам қайраткері, Қазақ КСР-нің халық әртісі (1986 ж.), өнертану профессоры (1994 ж., ҚР), Халықаралық шығармашылық академиясының академигі (1998 ж.), Қырғыз Ұлттық консерваториясының профессоры (Бішкек, 2003 ж.), Данкук университетінің Ph.D докторы (Сеул, Оңтүстік Корея, 2015 ж.). Айман Мұсақожаева – еліміздің шығармашылық қайраткері ғана емес, мәдениет және өнер саласындағы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал еткен мәдениет елшісі. 
Айман Мұсақожаеваның репертуарында әртүрлі дәуірлердің музыкалық шығармалары, стильдері мен жанрлары бар. Әртіс Еуропа, Азия, АҚШ-тың үздік концерт залдарында өнер көрсетіп, Павел Гилилов, Михаил Коган, Владимир Спиваков секілді т.б танымал музыканттармен бірге жұмыс істейді. Әлемнің жетекші камералық және симфониялық оркестрлері, атап айтқанда, «Winner Symphonicer Orchestra», «Royal Symphony orchestra», «Ресей ұлттық симфониялық оркестрі», «Еуропалық жастар симфониялық оркестрімен» жазған және Владимир Ашкенази, Павел Коган, Владимир Спиваков, Саулюс Сондецкис, Михаил Плетнев және басқа да көптеген ұжымдардың басқаруымен жазылған CD жазбалары бар. Оның талантына Carnegy hall, Lincolne Centre (New York), Musicferein (Wien) Gaveau, Cortot (Paris), Santa Cecilia (Roma), Queen Elizabeth Hall, Vigmor Hall, Barbican Hall (London), Conzert Haus (Berlin) сынды әлемдегі үздік концерт залдары куә болды.

Білімі:
• 1975 жылы – К. Бәйсейітова атындағы Республикалық арнайы музыка мектебі (Алматы);
• 1983 жылы – П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы.

Еңбек қызметі:
• 1983-1990 жж. – Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солист-аспапшысы;
• 1990-1993 жж. – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының скрипка бөлімінің доценті;
• 1993 жылы – «Солистер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрінің негізін қалаушы, көркемдік жетекшісі;
• 1993-1997 жж. – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры, кафедра меңгерушісі;
• 1997-1998  жж. – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының ішекті аспаптар кафедрасының меңгерушісі;
• 1998 жылы – Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университеті ашылуының бастамашысы әрі ректоры.
Жетістіктері:
• 1976 жылы – Югославияда өткен Халықаралық байқаудың лауреаты және дипломанты (Белград);
• 1981 жылы – Н. Паганини атындағы Халықаралық байқаудың лауреаты (Генуя, Италия);
• 1983 жылы – Жапонияда өткен Халықаралық байқаудың лауреаты (Токио);
• 1985 жылы – Я. Сибелиус атындағы Халықаралық байқаудың лауреаты (Хельсинки, Финляндия);
• 1986 жылы – Мәскеудегі П.Чайковский атындағы VIII Халықаралық байқаудың лауреаты;
• 1998 жылы – ЮНЕСКО-ның шешімімен «Әлем әртісі» құрметті атағы;
• 2000 жылы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
• 2002 жылы – Қазақстан меценаттар клубы «Платинді Тарлан» сыйлығы;
• 2002 жылы – Айман Мұсақоджаеваның есімі өнер саласындағы ерекше жетістіктері үшін Кембридж университетіндегі «XX ғасырдың  көрнекті музыканттары» атты тізімге және «XX ғасырдың 2000 көрнекті музыканттары» IВС дүниежүзілік құрметті тізіміне енгізілді;                        
• 2003 жылы – Кембридждің Халықаралық өмірбаяндық орталығымен «2003 жылғы халықаралық музыкант» құрметті атағы;
• 2007 жылы – Астана қаласының құрметті азаматы;
• 2008 жылы – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Бейбітшілік және Прогресс сыйлығының лауреаты;
• 2008 жылы – Қазақстан Республикасының білім саласындағы құрметті қызметкері;
• 2014 жылы – Қазақстанның Еңбек Ері.
Әрі қарай оқу

Фотоальбом