Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Марат Төреханұлы Айтымбай

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисі

1993 жылы 15 қаңтарда Шымкент қаласында дүниге келді. М.Айтымбай – опералық әнші, конферансье, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Сыйлығының лауреаты. Көптеген республикалық және халықаралық байқауларға қатысып, гран-при иегері атанды. Атап айтқанда: «Надежда Романсиады» (Мәскеу, РФ), «Around the world» (Александрия, Мысыр), «Азия ырғағы» (Ташкент, Өзбекстан), «Классика» (Ақтөбе), Абай және Шәкәрім оқулары (Семей), Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» фестивалі (Шымкент) және т.б. 
«Он и Она» көркем фильмі саундтрегінің сөзін және музыкасын жазып «Сен және Мен» композициясын арнады (2013 ж.). М.Айтымбай ЕХРО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында жүргізуші-модератор ретінде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде 22 халықаралық ұйымдардың мәдени күндерін, көрмеге қатысқан 115 мемлекеттің ұлттық күндерін өткізуге атсалысты. 
National Geographic телеарнасының «Мегақұрылыстар: Астана – болашақтың қаласы» атты фильмінің премьерасына қатысты. «Eurosport» спорттық телеарнасының танымал жүргізушісі Сергей Курдюковпен бірге 5 ұлттық құрама және 15 кәсіби велокоманда қатысқан «Astana Expo International Criterium» тасжолдағы веложарысты жүргізді. 

Білімі:
• 2013 жылы – Оңтүстік Қазақстан музыкалық колледжі, «Жеке ән айту» бөлімі;
• 2017 жылы – Қазақ Ұлттық өнер университеті, «Вокалдық өнер» мамандығы (Армения Халық әртісі, академик, профессор Б.Р. Туманянның сыныбы);
• 2016-2017 жж. – ҚазҰӨУ үздік студенттерінің бірі ретінде Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша «Санта Чечилия» консерваториясында К. Ди Сеньи и А.Фелле профессорларының сыныбында білім алды (Рим, Италия). 
Жетістіктері: 
• 2005 жылы  – «Оңтүстік жұлдызы» Құрмет атағы;
• 2008 жылы – Республикалық композиторлар байқауында «Отан» композициясымен «Үздік балалар әнінің авторы» арнайы жүлдесі және дипломы;
• 2017 жылы – жас ұрпақты тәрбиелеуге және мәдениет пен білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін Д.А.Қонаев ордені;
• 2018 жылы – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры – Елбасы сыйлығының лауреаты; 
• 2017 жылы – Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына орай Қазақстан мәдениет күндері мен Қазақстан киносының апталығына белсенді қатысқаны үшін Анкара қаласы мэрінің алғыс хаты.
  
 Репертуары:
Қазақтың халық әндері
• «Ақ бақай»;
• «Сұршақыз»;
• «Алқоңыр»;
• «Аққурай»;
• «Құсни Қорлан»;
• «Бір бала»;
• «Екі жирен»;
• «Қарғаш»;
• «Ғайни»;
• «Япыр-ай»;
• «Шәпибаяу»;
• «Назқоңыр»;
• «Қараторғай».
Қазақ романстары мен әндері:
• «Көзімнің қарасы» (Абай); 
• «Желсіз түнде жарық ай» (Абай);
• «Айттым сәлем, Қаламқас» (Абай); 
• «Көзім көрді аққудың жылағанын» (Н.Тілендиев);
• «Сүрбойдақ» (Н.Тілендиев);
• «Мен сендерді іздеймін» (Н.Тілендиев);
• «Әке туралы жыр» (Н.Тілендиев);
• «Анам сенсің, туған жер» (Н.Тілендиев);
• «Жыр жазамын жүрегімнен» (Ғ.Жұбанова);
• «Өзгеге көңілім тоярсың» (С.Мұхамеджанов);
• «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да...» (С.Мұхамеджанов); 
• «Келші, сәулем» (М.Төлебаев);
• «Тос мені, тос» (М.Төлебаев);
• «Құйқылжыр көңіл құсы шартарапқа» (М.Қойшыбаев);
• «Қайран елім, қазағым» (Е.Рахмадиев); 
• «Өмір, өмір» (С.Бәйтереков);
• «Жан досым» (С.Бәйтереков);
• «Мөлдір сезім» (С.Бәйтереков);
• «Бақыт құшағында» (Ш.Қалдаяқов); 
• «Ақ ерке – Ақ жайық» (Ш.Қалдаяқов).
Орыс романстары:
• «Не пробуждай воспоминаний» (П.Булахов);
• «Свидание» ( П.Булахов);
• «Песня ямщика» (А.Гурилёв); 
• «Дорогой длинною» (Б.Фомин);
• «Обойми, поцелуй!» (М.Балакирев);
• «Я Вас любил» ( Б.Шереметьев);
• «Я помню вальса звук прелестный»;
• «Я встретил Вас»; 
• «Только раз бывают в жизни встречи» (Б.Фомин);
• «О нет, молю, не уходи!» (С.Рахманинов);
• «В молчаньи ночи тайной» (С.Рахманинов);
• «Они отвечали» ( С.Рахманинов);
• «Не пой, красавица, при мне» (С.Рахманинов);
• «Нет, только тот кто знал» ( П.Чайковский);
• «Мой гений, мой ангел, мой друг» (П.Чайковский);
• «Средь шумного бала» (П.Чайковский);
• «Мы сидели с тобой» (П.Чайковский);
• «Снова как прежде один» (П.Чайковский).

Италиялық және неаполитандық әндер мен романстар:
• «Mamma» (C.A. Bixio);
• «Parlami d'amore Mariu» (C.A.Bixio);
• «O, Mari!» (E.Di. Capua);
• «O sole mio» (E.Di. Capua);
• «Voce'e notte» (E.Curtis); 
• «Un amore cosi grande» (G.M.Ferilli);
• «Musica proibita» (S.Gastaldon);
• «Nel blu, dipinto di blu» (D.Modugno);
• «Core 'ngrato» (S.Cardillo).
Әншінің репертуарында кеңестік, шетелдік және заманауи композиторлардың әндері де бар.
Әрі қарай оқу

Фотоальбом