Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Тимур Урманчеев

Тимур Урманчеев

Т.Урманчеев – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық байқаулардың Лауреаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармониясының солисі. 
Тимур Урманчеев – Қазақстанның академиялық музыка өнерінің жарқын өкілі. Ол отандық өнердің дамуына зор үлес қосты. Талантты солист, концертмейстер, «Форте Трио» мемлекеттік ансамблінің негізін салушы. Танымал пианист ірі халықаралық және республикалық жобалардың көркемдік жетекшісі болып табылады. Атап айтар болсақ, «Астана кештері», «Жапондық көктем», «Жапондық күз» өнер фестивальдары, «Көктем самалы» және «Жүрек сазы» республикалық музыка фестивальдары, «Времен связующая нить» мәдени қайырымдылық мегажобасы. 
Т.Урманчеевтің қазақстандық музыка өнерінің дамуына қосқан үлесі бірнеше рет мемлекеттік дәрежеде атап өтілді. Т.Урманчеев – «Renata Tebaldi-Mario Del Monaco» (Италия) Халықаралық вокал академиясының құрметті профессоры.

Білімі:
• 1990 жылы – Жоғары орындаушылық шеберлік курстары (П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры А.Ведерниковтан);  
• 1991 жылы – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының фортепиано класы бойынша түлегі;
• 1993 жылы – Ассисентура-тағылымдама.
Жетістіктері: 
• 2001 жылы – ҚР Президентінің жарлығымен «Ерен еңбегі үшiн» медалі; 
• 2006 жылы – «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» атағы;
• 2015 жылы – «Құрмет» орденінің иегері.
Әрі қарай оқу

Фотоальбом