Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

«Forte Trio» мемлекеттік триосы

«Forte Trio» мемлекеттік триосы – Қазақстандағы ең танымал камералық-аспаптық ансамбльдердің бірі. Әртістер тек елімізде ғана емес, сонымен бірге шетелде де құрметке ие әрі кеңінен танылған. Шығармашылық ұжымның аса бай репертуарына бароккодан джазға дейінгі түрлі стильдер мен бағыттағы туындылар енген. Талантты музыканттар өздерінің концерттік бағдарламарында орындаушылық өнердің шыңын бағындырып, талғамы жоғары көрерменге әлемдік музыкалық мәдениеттің озық үлгілерін ұсынып келеді. Трионың түрлі оркестрлер, солистер, вокалистер және аспапшылармен бірлескен өнер көрсетулері үлкен жетістікке ие.

Трионың құрамында орындаушылық өнердің әйгілі шеберлері, республикалық және халықаралық байқауларының лауреаттары бар. Атап айтар болсақ, атақты пианист, Қазақстанның еңбек сіңген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері Тимур Урманчеев, талантты виолончелист, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты Мұрат Нарбеков, дарынды скрипкашы Динара Базарбаева-Сахаман. Үш музыкант та Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында классикалық музыкалық білім алған. 

«Forte Trio» үнемі қазақ өнерін айтулы әлемдік алаңдарда паш етіп, көптеген халықаралық музыкалық фестивальдарға қатысады. Трио қатысушыларының орындаушылық интерпретациясы классикалық музыканы бағалаушылардың жүрегін баурап алған. «Forte Trio» мемлекеттік триосының мүшелері барлық артистер үшін ең маңызды сыйлықты алып үлгерді. Ол – тыңдармандарының махаббаты мен таңданысы.

Әрі қарай оқу

Фотоальбом