Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Азамат Жылтыркөзов

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов дарынды опера әншісі, романстарды керемет орындайтын өнерпаз ретінде бұқараға танымал. Оның кең диапазоны, даусының әдемілігі мен қайталанбас үні түрлі бояулармен қаныққан. Азамат Жылтыркөзовтың шырқаған әр әні мінсіз, үздік орындаулардың бірі болып қала береді.
Азамат Жылтыркөзов ерекше дауысымен тек отандық өнерсүйер қауымды ғана емес, Еуропаның да талғампаз тыңдарманын таңдай қақтырған. Оның дарыны халықаралық ареналарды да бағындырды. Азамат Жылтыркөзов айтулы республикалық және халықаралық байқаулардың бірнеше мәрте лауреаты атанған. Еуропа жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (Ганновер, Германия), «Вокал академиясы» Республикалық қоғамдық бірлестілігінің негізін қалаушы және төрағасы болып табылады.
Өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін Азамат Жылтыркөзов Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының сыйлығын иеленді.
Әрі қарай оқу

Фотоальбом