Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Тұрысбек Секен Кәрімұлы

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисі

Ұлттық музыка өнерінің мэтрі Секен Тұрысбек 1961 жылы 1 мамыр күні қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында дүниеге келген. С. Тұрысбек – «Сазген» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі және меңгерушісі, «Ақ жауын» Мемлекеттік камералық оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі.
Он саусағынан өнер тамған дәулескер күйші «Жазғы қар», «Көңіл толқыны», «Ақ жауын», «Бесік күйі» («Балауса»), «Күлтегін», «Көк бөрі», «Дарабоз», «Ақжүніс», «Өкініш», «Боздақ», «Аруана»(«Шығыс жұлдызы»), «Мәлғаждар», «Аққу сазы», «Ерке құсым», «Көктемім менің, көктемім», «Қоңыр қаз», «Шағала», «Мен бір жұмбақ адаммын», «Ай-хай, заман», «Аяулы арман, дүние», «Қос жұлдызым», «Бауырым, сонау күн кайда?», «Анама», «Тарбағатай», «Қоңыр жел», «Қарлығашым», «Толғау», «Қызыма», «Жанымнан тәтті өмір» сияқты көптеген керемет күйлер мен романстардың авторы болып табылады. Атақты күйшінің туындылары тыңдарманды толқытады, жүректі қозғайды, тебірентеді.
Секен Тұрысбектің композиторлық таланты тыңдармандарды таңғалдырмай қоймайды. Сазгердің жүрек сыздатқан мұң мен сұлу сезім қатар өрілген күйлері өнерге деген шексіз сүйіспеншілігінен туған. Қасиетті қара домбыраны жанына серік еткен күйші қазақ өнерінің дамуына зор үлес қосып келеді.
 
Білімі: 
• 1976-1981 жж. – М.Төлебаев атындағы музыкалық училище,  К.Досымжановтың  сыныбы (Семей);
• 1981-1986 жж. – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы, «Домбыра» мамандығы.
Жетістіктері: 
• 1985 жылы – Мәскеудегі XII Дүниежүзілік жастар мен студенттер арасындағы фестивальдің Лауреаты; 
• 1988 жылы – Қазақстан комсомолы сыйлығының иегері; 
• 1993 жылы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі;
• 2011 жылы – «Құрмет» ордені;
• 2016 жылы – «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі;
• 2017 жылы – «Парасат» ордені.

Әрі қарай оқу

Фотоальбом