Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Бауыржан Ақтаев

Бауыржан Жаңбырбайұлы Ақтаев

Бауыржан Ақтаев Атырау қаласында дүниеге келген. Ол – көптеген аспапта еркін ойнайтын ерекше музыкант.  Музыка мектебінде жеті жыл «скрипка» мамандығы бойынша тәлім алған. Атырау қаласындағы Дина Нұрпейісова атындағы музыкалық колледжде домбырада ойнауды үйреніп, классикалық күйді меңгереді. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында оқып жүрген кезінде Қаршыға Ахмедияровтан, Айгүл Үлкенбаевадан дәріс алған. Екінші мамандығы дирижерлікті оқыған кезінде еуропалық музыканың түрлі жанрларымен таныса бастаған. 
Белгілі композитор шығармашылық ұжымдар үшін 60 күй мен өлеңге арналған аранжировка жазған, оның ішінде 10 күйдің авторы болып табылады. Ол – «Бір кем дүние» (2013 ж.) фильміне, «Ұлы дала дүбірі» (2013 ж.), «Мәлім де беймәлім Қазақстан» (2014 ж.) деректі фильмдеріне, Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» (2015 ж.). трагедиясы бойынша «Мәңгүрт»  қойылымына музыка жазған дарынды композитор. 

Білімі:
• 2008 жылы – Атырау қаласындағы Д.Нұрпеисова атындағы музыкалық колледждің 7 сыныпты музыкалық мектебі, «Скрипка» мамандығы;
• 2012 жылы – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығы (Алматы қаласы).

Жетістіктері:
• 2002 жылы – М. Өтемісовтің 200 жылдығына арналған дәстүрлі орындау бойынша Республикалық байқауда бас жүлде (Атырау қаласы); 
• 2005 жылы – «Домбыра» номинациясы бойынша «Шабыт» халықаралық фестивалінің дипломанты (Астана); 
• 2007 жылы – Республикалық домбырашылар байқауында І орын (Ақтөбе);
• 2011 жылы  – «Бабалар сазы» балалар фольклорлық ансамблі «Ғасырлар Сазы» халықаралық фестивалінің лауреаты;  
• 2013 жылы  –  «Сүйінбай сазы» фольклорлық ансамблі ансамбльдер арасындағы байқаудың бас жүлде иегері; 
• 2013 жылы – «Ақ ерке Жайық» ансамблі Ресейдегі Халықаралық байқаудың бас жұлде;
• 2013 жылы – «Ғасырлар Сазы» Халықаралық фестивалінің лауреаты (Алматы қаласы);
• 2014 жылы – Д.Нұрпеисова атындағы музыкалық колледжінің студенттері Республикалық ансамбльдер байқауында І орын (Астана қаласы);
• 2015 жылы  – «Ақ ерке Жайық» ансамблі «Ғасырлар Сазы»  Халықаралық фестивалінің лауреаты (Алматы қаласы);
• «Еспай» (Қызылқоға ауданы) фольклорлық ансамблі облыстық байқаулардың лауреаты атанды.
Әрі қарай оқу

Фотоальбом