Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Ерболат Шалдыбеков

Ерболат Шалдыбеков – еліміздегі танымал дәстүрлі әншілердің бірі, Жетісудың әншілік-жыршылық мектебінің жарқын өкілі. Дәстүрлі өнердің қаймағы саналатын қазақтың ән өнерін асқақтатып жүрген Ерболат Шалдыбеков Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері болып табылады.
Ерболат Шалдыбековтың орындауындағы әндер ұлттық нақышқа бай, жігерлі әрі жалынды, әсем әрі асқақ. Оның әншілік өнері тыңдарманды толқытады, жүректі қозғайды, тебірентеді.  
Ұлттық өнерді ұлықтап жүрген өнерпаз көптеген ірі республикалық және халықаралық байқауларға қатысып, лауреат атанған. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша шыққан «Қазақтың мың әні» жинағына Е.Шалдыбековтың 9 әні енген. Ерболат Шалдыбековтың орындауындағы әдемі әуезімен, әсерлі сөздермен өрнектеліп, құлақ құрышын қандырар әндер халықтың ерекше ықыласына бөленген.
Әрі қарай оқу

Фотоальбом