Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Дінисламбек Жайлаубай

Дінисламбек Жайлаубай – тыңдарманды ұлттық өнеріміздің үздік үлгілерімен тамсандырып жүрген дәстүрлі әнші. Оның орындауындағы халық әндері мен отандық композиторлардың туындылары өнерсүйер қауымның санасын сілкіндіріп, рухты көтереді, жан-дүниесін қозғайды. Әншінің шығармашылығы ұлттық дәстүрді, ұлттық музыка мен ұлттық рухты сақтау тұрғысынан құнды, әрі қызықты.
Қазақ әндерін өзіндік орындау мәнерімен ерекшеленетін талғампаз әнші республикалық және халықаралық ән байқауларының лауреаты атанып, халықтың ыстық ықыласына бөленіп келеді. Дінисламбек Жайлаубайдың репертуарында тыңдаған сайын адамға жаңаша ой беретін өміршең әндер басым.  

Репертуар:
Халық әндері:
Ақбақай
Екі жирен
Көзіңнің мөлдірін-ай
Жорғатай
Алқоңыр
Гаухартас
Гүлдариға

Біржан Салдың әндері:
Жанбота
Айтпай
Жонып алды
Бурылтай

Ақан Серінің әндері:
Балқадиша
Құлагер
Маңмаңгер
Майда қоңыр

Мұхиттың әндері:
Айнамкөз

Үкілі Ыбырайдың әндері:
Гәкку
Қалдырған

Иман Жүсіптің әндері:
Иман Жүсіптің әні

Әсеттің әндері:
Інжу Маржан
Кемпірбайдың қоштасуы
Қоңыр қаз

Естай Беркінбайдың әндері:
Қорлан
Жай қоңыр

Абайдың әндері:
Көзімнің қарасы
Сегіз аяқ
Бойы бұлғаң


Жаяу Мұсаның әндері:
Ақсиса
Көкаршын
Сұрша қыз

Кенен Әзірбайдың әндері:
Туған жер
Көк шолақ
Бозторғай

Казіргі композиторлар:

М.Мақатаевтың әндері:
Шашыңнан иіскейін
Нені аңсаймын
Қарасаз
Ауылым

Есенқұл Жақыпбектің әндері:
Біздің елдің жігіттері
Әрі қарай оқу

Фотоальбом