Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Асқар Мұқият

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисі

1994 жылы 1 наурызда Алматы облысында дүниеге келген. Дәстүрлі әнші Асқар Мұқият Қазақ ұлттық өнер университетінде білім алған. 
Дәстүрлі ән өнеріне жаңа серпін әкелген өнерпаз таза табиғи дауысымен ән шырқап талайды таңғалдырып үлгерді. Асқар Мұқият орындайтын туындылардың барлығы көңіл түкпіріне жылы сезім ұялатып, өнер сүйер қауымның көңілінен шығады.  
Талантты әнші Ұлы Дала елінің музыкалық дәстүрін Еуропаның Австрия (Вена), Словения (Марибор), Сербия (Белград), Словакия (Братислава), Венгрия (Шапрон), Франция (Париж, Канн), Белгия (Брюссель), Иордания (Амман), Египет (Каир), Ресей (Мәскеу) елдерінде жоғарғы дәрежеде танытып жүр.

Білімі:
• 2010-2014 жж. – Қ. Байсейітов атындағы саз колледжі, «Бас қобыз» мамандығы (Алматы обл, Талдықорған қ.);
• 2014-2018 жж. – Қазақ ұлттық өнер университеті, «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығы (Астана қ.).

Жетістіктері: 
• 2016 жылы – Ә.Найманбаев атындағы Республикалық әншілер конкурсынан бас жүлде;
• 2016 жылы – М.Бапиұлы атындағы III Республикалық әншілер конкурсынан бас жүлде;
• 2017 жылы – Е.Беркімбаев атындағы V Республикалық әншілер конкурсынан 2 дәрежелі лауреат атағы;
• 2017 жылы – Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде бас жүлде.
Репертуары:
• «Қызыл бидай» (Халық әні);
• «Қорлан»  (Естай); 
• «Алты басар» (Ақан сері);
• «Бабалар»  (Жәнібек Кәрменов);
• «Ақжалмаш»  (Естай Беркімбайұлы);
• «Ардақ» (Жарылғапберді Жұмабайұлы);
• «Жарық етпес қара көңілім не қылсада»  (Сыдық Мұxаметжанов);
• «Шәпибай-ау» (Халық әні);
• «Шіркін-ай»  (Мади Аққошқар Сайдалы);
• «Бүркітбай»  (Мұстафа);
• «Қаракөз»  (Әсет);
• «Қара кесек»  (Мади);
• «Он саусақ» (Біржан сал);
• «Ғалия»  (Балуан Шолақ);
• «Қоңыр қаз» (Н.Әсет);
• «Гәкку» (Үкілі Ыбырай);
• «Баян ауыл» (Халық әні);
• «Сары бидай»  (Сәдіқожа);
• «Желдірме» (И. Байзақов).
Әрі қарай оқу

Фотоальбом