Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Аяулым Қамажан

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисі

1994 жылы 15 қыркүйекте Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ақтүбек ауылында дүниеге келген. Қамажан Аяулым – дәстүрлі әнші, республикалық фестивальдер мен байқаулардың лауреаты, қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі. 
Аяулым Қарифоллақызы – әуелетіп ән салып, тыңдарманын тамсандырумен қатар, ұлттық өнердің өрнекті нақышын жаңғыртып жүрген өнерпаз.
Қазақ халқының төл туындылары мен термелерін керемет орындап қана қоймай, ел арасында жоғары деңгейде насихаттап жүрген Қамажан Аяулым үнемі шығармашылық ізденіс үстінде.

Білімі:
• 2009-2013 жж. – Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі, «Дәстүрлі ән» мамандығы;
• 2013-2017 жж. – Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университеті, «Дәстүрлі ән» мамандығы.
Жетістіктері:
• «Қазақстан дауысы» тележобасының финалисі;
• 2014 жыл – Балуан Шолақ атындағы дәстүрлі әншілер байқауының ІІ орын иегері (Көкшетау қаласы);
• 2016 жыл – «Жұлдыз» эстрадалық әндерді орындаушылар байқауының лауреаты; 
• 2017 жылы – Е. Беркімбайұлы атындағы дәстүрлі әншілер байқауында ІІІ орын (Павлодар қ.);
• 2017 жылы – Ж. Елебеков атындағы дәстүрлі әншілер байқауында ІІ орын (Қарағанды қ.).
Репертуары:
• «Қорлан» (Естай);
• «Аққұм» (Халық әні);
• «Ақ бөкен» (Т.Рахымов);
• «Гүлдерайым» (Халық әні);
• «Сары бидай» (С.Мошанұлы);
• «Алқоңыр» (Халық әні);
• «Жас екпін» (К.Әзірбаев);
• «Желкілдек» (Халық әні);
• «Сайра бұлбұл» (М. Ержанов);
• «Қарқаралы» (М. Бәпиұлы);
• «Қалқа» (М.Ержанов);
• «Інжу Маржан» (Ә. Найманбайұлы);
• «Бақша» (Майраның әні);
• «Смет» (Халық әні);
• «Маржан қыз» (Ә.Еспаев);
• «Бурылтай»  (Біржан сал);
• «Баянауыл» (Халық әні);
• «Бастау» (К. Әзірбаев);
• «Қанатталды» (Сейтжан сал);
• «Жаса, Қазақстан» (К.Әзірбаев);
• «Гүлдәриға» (Халық әні).
Әрі қарай оқу

Фотоальбом