Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Ақерке Тәжібаева

Ақерке Тәжібаева – қобыздың әуезді қоңыр үнін қайта жаңғыртып жүрген дарынды өнер иесі.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі Ақерке Тәжібаева – республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегері. Ол Венгрия, Молдова, Германия, Австрия, Франция, Индия, Литва, Қытай, Оңтүстік Корей, Тәжікстан, Ресей, Қырғыстан, АҚШ, Жапония, Иордания Хашимиттік Корольдігінде, Араб әмірлігінде, Испания Корольдігінде, Италия, Швейцария, Аргентина, Монако, Бельгия, Түркияның көптеген қалаларында тыңдармандарға қазақтың қылқобызының үнін жеткізіп, өнерімен сүйсінтіп үлгерген талант иесі ретінде белгілі.
2008 жылы «Көктем» атты аспапты үнтаспасы жарыққа шыққан. «Мәңгілік қобыз сарыны», «Төгіліп  сарын қобыздан...», «Аралап қобыз үні кең әлемді...»  атты жеке бірнеше шығармашылық концерттерін  өткізген.
Ақерке Тәжібаеваның репертуарында қазақтың дәстүрлі шығармаларымен қатар, шетелдік сазгерлердің туындылары да бар.
Әрі қарай оқу

Фотоальбом